Алматылықтар ұшақ апатынан қаза болған Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар ұшақ апатынан қаза болған Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарып салды

30.12.2019

Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасымен қоштасу рәсіміне оның әріптестері, туыстары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Қаралы қауым алдында сөз сөйлегендер Ішкі істер және Қорғаныс министрлерінің, қала әкімдері мен алыс-жақын шет елден жеткен көңіл айту хаттарын оқыды. Рүстем Қайдаров 1940 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Саналы ғұмырын құқық қорғауға арнаған генерал осы саладағы еңбек жолын 60-шы жылдары бастаған. Содан бері қатардағы полицейден ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына дейін түрлі қызметтер атқарған. Жиналғандар Рүстем Қайдаровтың құқық қорғау жүйесінің қалыптасуына, заң ғылымының дамуына, қылмыспен күресуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға өлшеусіз үлес қосқандығын айтты.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу