Астық класстеріне қол жеткізу мақсатында құрылған еліміздегі ең соңғы кооператив жабылуы мүмкін. Себебі Павлодардағы «Ертіс Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мемлекеттің қолдауынсыз қалды. Бірлестіктегі 40-тан аса шаруа қожалығы - бәрі бірдей биыл субсидиядан қағылған. Оның үстіне жеке шаруашылықтар алып келген мемлекеттік көмек бұдан былай кооператив мүшелеріне берілмейтін болды. Мәселенің мән-жайын аймақтағы меншікті тілшіміз Болат Аманбаев зерделеп көрді.