АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер жіберді

05.01.2020
АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер жіберді

АҚШ Таяу Шығысқа 4 мыңға жуық сарбаз жіберді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ сақтық шарасы ретінде осындай шешім қабылданған.

Осы аптада 750 америкалық сарбаз Кувейтке жеткізілді. Әскердің қалған бөлігі бұл елге жақын күндері келмек.

Айта кетейік, Иран генерал Касем Сулейманиді өлтіргені үшін АҚШ-тан кек алатынын мәлімдеген еді. АҚШ осы мақсатта Таяу Шығыстағы әскер санын арттырмақ.

Фото: REUTERS

Хабарламаларға жазылу