Финляндия аптасына төрт күн жұмыс істейтін режимге көшпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндия аптасына төрт күн жұмыс істейтін режимге көшпек

06.01.2020
Финляндия аптасына төрт күн жұмыс істейтін режимге көшпек

Финляндияның жаңа премьер-министрі Санна Марин аптасына 4 күн, сондай-ақ 6 сағаттық жұмыс күнін енгізуді ұсынды.

«Аптасына 4 күн жұмыс істеп, ал күні бойғы уақыттың 6 сағатын жұмысқа арнау керек. Неге осындай қадам жасамасқа? Менің ойымша, адамдар отбасымен, жақындарымен көбірек уақыт өткізіп, уақытын жұмысынан бөлек, хобби мен мәдениет секілді өмірдің басқа маңызды қырына арнауы керек. Мүмкін бұл өзгеріс өміріміздің жаңа кезеңі болар», - деген еді ол көлік және коммуникация министрі болған кезде.

Қазір финдер аптасына 5 күн, күніне 8 сағат жұмыс істейді. Ал 6 сағаттық жұмыс уақыты сынақ түрінде енгізілмек. Осы орайда жалақы мен жыл сайынғы демалыс уақыты қысқармайды.

Премьер-министрдың ұсынысын елдің білім министрі қолдады. «Финдерге аз уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Бұл - әйелдердің басқару стилі емес, өмірді жақсарту, сайлаушыларға берген уәдені орындау», - деді Ли Андерссон.

Айта кетейік, 6 сағаттық жұмыс күні бірнеше жылдан бері Швецияда сынақтан өтіп жатыр. Атақты Toyota компаниясы осы режимде жұмыс істейді. Бұл кесте өнімділікті арттыруға, шығынды азайтып, жұмысшылардың денсаулығын жақсартуға ықпал етуде.

Хабарламаларға жазылу