Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан келісімге Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов, ал АҚШ үкіметі тарапынан Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х. Мосер қол қойды.
Азаматтық авиация комитеті түсіндіріп өткендей, келісім Халықаралық ашық авиация ұйымының әуе көлігін ырықтандыру жөніндегі ұсыныстарына сәйкес «ашық аспан» қағидаттарына сай жасалған, бұл Қазақстан мен АҚШ арасында ұшуды жоспарлап отырған тасымалдаушыларға үлкен мүмкіндіктер береді, тараптар тасымалдаушылар санына, бағыттар және жиіліктерге шектеусіз, сондай-ақ, әуе еркіндігінде «бесінші дәрежесі» бар адамдар шектеусіз ұша алады.
«Келісім екі ел арасындағы тікелей тұрақты рейстердің құқықтық негізін қалыптастырады, сонымен қатар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі дамуына ықпал етеді. Екі ел арасында тікелей рейстердің ашылуы саяси, экономикалық, мәдени байланыстар мен туризмнің дамуына ықпал етеді. «Астана» Халықаралық қаржы орталығының көлікке қол жетімділігі, - деп түсіндірді Азаматтық авиация комитеті.
АҚШ елшілігі бұл келісім шексіз сыйымдылықты және тасымалдау жиілігін, ашық маршрутқа құқықты береді, чартерлік рейстерді либералды түрде ұйымдастыруды және рейстерді бірлесіп жүргізу мүмкіндігін қамтиды деп толытырды. Келісім екі елдің үкіметтері арасында дипломатиялық ноталармен алмасудан кейін күшіне енеді.
Елшіліктің түсіндіруінше ашық аспан келісімдері туризм мен сауданы дамытып, сапалы жұмыс орындарын құруға және жан-жақты экономикалық дамуға ықпал етеді. Олардың ережелеріне авиакомпанияларға тұтынушылар мен жүк жөнелтушілерге қолжетімді, ыңғайлы және тиімді түрде авиакомпания қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін бағыттар, өткізу қабілеттілігі, жиілігі және бағалары бойынша авиакомпаниялардың коммерциялық шешімдеріне араласуын жою жөніндегі өзара міндеттемелер кіреді. Ашық аспан келісімдері авиакомпаниялардың икемділігін арттырады, олардың бірлескен маркетингтік мүмкіндіктерін кеңейтеді, экспресс-жеткізудің жаһандық желілерін құруға, чартерлік көлік ережелерін ырықтандыруға және үкіметтерді авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтауға міндеттейді.
inform.kz