Алматы облысының Талғар ауданында көпбалалы және тұрмысы төмен 20 отбасыға баспана берілді.
Ұзақ жылдан бері пәтер алуға кезекке тұрғандардың қуанышында шек жоқ. Себебі облыстық бюджеттен жалға алу тәртібімен сатып алынған үйлерде тұрудың белгілі бір мерзімі көрсетілмеген. Сондықтан қоныс тойын тойлаушылар өздерінің жеке пәтерлері болғанша осында тұруға құқылы. Қазір олардың 16-ы жер үй болса, төртеуі көпқабатты тұрғын үйлерден берілген. Сонымен қатар биыл тағы да 340 пәтер тапсырылады.
Бауыржан Жақсымбет