Түркістанда өзге ұлт өкілдері балаларын қазақша оқытуға бет бұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда өзге ұлт өкілдері балаларын қазақша оқытуға бет бұрды

06.01.2020

Түркістан облысында тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері балаларын қазақша оқытуға бет бұрды. Жетісай ауданының «Жаңа ауыл» елдімекенінде тәжік балаларына мемлекеттік тілде тәлім беретін балабақша ашылды. Тәрбие ошағы 175 бүлдіршінге лайықталған. Енді балалар осында қазақ тілін меңгеріп, мектепалды дайындықтан өтеді. Сондай-ақ тәлім беру бағдарламасы да ұлттық педагогикаға негізделіп отыр. 

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өңірдегі халық саны көп Жетісай ауданында балабақша мәселесін оңтайлы шешуге негіз болды. Бүгінде аймақта 200-ден астам тәрбие ошағы жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы үшеуі іске қосылмақ.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу