Ресейдің Владивосток қаласы маңындағы Русский аралында мұз жарылып, 30 автокөлік суға кетті. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Оқиғаға балықшылардың қауіпсіздік шараларын сақтамауы себепші. Тыйымға қарамастан, олар өзен жағасына көліктерін бір-біріне тым жақын қойған. Мұндай ауырлықты көтермеген көк мұз морт сынып, машиналар 2 метр тереңдікке бата бастаған.
Балықшылардың біразы автомобильдерін өз күшімен шығарса, кейбіреуіне арнайы көмек қажет болды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен арнайы техника жеткізілді. Синоптиктердің болжамынша, өңірдегі ауа райы осы апта бойы жылы болмақ. Сондықтан, тұрғындарға мұздың үстімен жүрудің қауіпті екені ескертіліп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ