Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы қазір жақсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы қазір жақсы

06.01.2020

Алматыда ұшақ апатынан зардап шегіп, емделіп жатқан науқастардың жағдайы қазір жақсы. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары осыны айтты. Қайғылы оқиға болған күні ауруханаларға түскен 49 адамның бүгінде 27-сі қалған. Қалғандары үйлеріне жіберілді. Ал 3 науқас Нұр-Сұлтан қаласында ем қабылдауда.

Нұрхан Нұрланұлы, тілші:

Қазір номері 4-ші қалалық клиникалық ауруханасында 11 адам ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, олардың жағдайы орташа. Айта кетейік, бұған дейін қайғылы жағдайдан кейін мұнда 21 науқас жеткізілген болатын. Олардың екеуі осы жерде жан тапсырса, бүгінге дейін 8 науқас үйлеріне жіберілген.

Ал балаларға шұғыл көмек көрсету орталығына 9 бала түскен. Төртеуі үйлеріне жіберілген. Ал қалған бес бала әлі ем қабылдап жатыр.

Ал облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген 6 науқастың екеуі әзірге осында жатыр. Дәрігерлер олардың да жағдайы күн сайын түзеліп келетіндігін айтады. Қалғандары өз еркімен палаталардан шығарылған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу