Иран БАӘ-ге және Израильге шабуыл жасайтынын айтып қорқытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран БАӘ-ге және Израильге шабуыл жасайтынын айтып қорқытты

08.01.2020
Иран БАӘ-ге және Израильге шабуыл жасайтынын айтып қорқытты

Ислам Революциялық Сақшылар корпусы (IRGC) ел бомбаланған жағдайда БАӘ мен Израильге де шабуыл жасайтынын айтып қорқытты.

Бұл туралы CNN IRGC Telegram каналында жариялады. Ұйым нақты Дубай мен Хайфа қалалары туралы айтып отырғанын мәлімдеді. IRGC Израильді ирандық генерал Кассем Сулейманиді өлтіруге қатысы бар деп санайды. «Осы қылмыстың бір бөлігі ретінде біз Израильді Америка Құрама Штаттарынан бөлек қарастырмаймыз», - делінген ұйым хабарламасында. Сондай-ақ, IRGC өз территориясын Иранға қарсы шабуыл жасайтын немесе агрессия танытатын кез келген мемлекетті Иран қарулы күштерінің нысанаға алатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік,8 қаңтарға қараған түні Иран АҚШ-тың Сулейманиді өлтіргені үшін кек алу операциясының басталғанын жариялады.

Ирактың жердегі зымырандары Ирактың батысындағы Эйн Асад базасында және АҚШ әскери контингенті орналасқан Эрбилдегі базаны нысанаға алған. Шабуылдың салдарынан Эйн Асад базасына орналастырылған бірнеше сарбаз зақымдалды. Зардап шеккендер туралы да хабарланған. Бірақ олардың саны әзірге белгісіз.

АҚШ президенті Дональд Трамптың өкілі Стефани Гришам бұл шабуылдар туралы хабардар екенін және өзінің кеңесшілер тобымен кеңесіп жатқанын айтты. Кейін Трамптың Ақ үйде қазіргі жағдайға байланысты кездесу өткізгені белгілі болды.


Хабарламаларға жазылу