Елордада 200 отбасы үйлерінің құжаттарын рәсімдей алмай жүр. 2010 жылы орнына базар саламыз деп «Кирпичный» аталып кеткен шағын ауданның тұрғындарын «Үркерге» көшірген. Белгілеп берген жер теліміне тұрғындар өз күшімен баспаналарын тұрғызады. Жоспар бойынша құрылысты да инвестор жүргізуі керек болған.
Бұл 200 үй орналасқан аумақта көше атаулары жоқ. Үйлері де нөмірленбеген. Тіпті, жедел жәрдемді де нақты мекен жай бойынша шақыра алмайды. Тұрғындар осы мәселенің барлығын Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинскаяға жайып салды.
Біз де қалалық, Есіл аудандық әкімдігіне, Архитектура және қала құрылысы басқармасына хабарластық. Бүгін нақты жауап ала алмадық. Олар ресми сауалымызға алдағы бірнеше күнде жауап беруге уәде берді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ