Ақтөбе облысында заңзыз аңшылық құрған шенділердің өздері қармаққа түсті. Олардың арасында Ырғыз аудандық сотының судьясы мен аудан прокуроры болған.
Ерекше қорғалатын аймаққа рұқсатсыз кіріп, балық аулап, көңіл көтеріп отырған топты «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары қолға түсірген. Ақтөбе облыстық соты мен прокуратура өз қызметкерлерінің заңсыз әрекетін жоққа шығармады. Мәселен, Ырғыз ауданының прокуроры Сағындықовқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 380-бабы бойынша 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.
Жақсыбек КЕМАЛ