Жаңажол кен орнындағы мұнай қалдығына арналған резервуар дәнекерлеу жұмыстары кезінде өртенді.
Оқиға 8 қаңтарда Жаңажол мұнайгаз кешенінің аумағында болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Резервуарда мұнай мен су болған.
«Өртті сөндіруге 8 техника мен 35 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласынан қосымша 25 қызметкер мен 5 техника жіберілді. Қызыл жалын сағат 22:59-да толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі – дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау»,- деп хабарлады облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.