Иран мен Украинада Тегерандағы әуе апатына байланысты қаралы күн жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран мен Украинада Тегерандағы әуе апатына байланысты қаралы күн жарияланды

09.01.2020
Иран мен Украинада Тегерандағы әуе апатына байланысты қаралы күн жарияланды

Тегеран әуежайының маңында украиналық лайнердің апатына ұшырауына байланысты Украинада 9 қаңтар жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Сондай-ақ, Иран халқы да бұл күнде аза тұтып жатыр. Жалпыұлттық аза тұту күні екі жағдайға байланысты - Boeing 737 ұшағының құлауына және генерал Касем Сулейманиді жерлеу кезінде адамдардың қысылып, қаза болуына байланысты жарияланды.

Еске сала кетейік, 8 қаңтарда Тегеран әуежайы маңында украиналық лайнер апатқа ұшырап, бортындағы 9 экипаж мүшесі мен 167 жолаушы түгел қайтыс болды.

Фото: ria.ru


Хабарламаларға жазылу