Мемлекет басшысы академик Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы академик Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

09.01.2020
Мемлекет басшысы академик Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаевтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Өмірзақ Айтбайұлы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына өлшеусіз үлес қосты. Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым еді. Қазақ зиялыларының арасында өзіндік орны бар қадірлі Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми мұрасы ел болашағы мен ұлт игілігіне қызмет ете береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу