Өңірдегі бастауыш сынып оқушылары 51 мыңнан асады. Оларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту үшін жергілікті бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Балаларға берілетін тағамның жұғымдылығы 745 калориядан кем болмайды. Ауқаттанар алдында жеткіншектер ас мәзіріне қарай өз қалауынша таңдау жасайды.
Болат АМАНБАЕВ