Президент мақаласында Абайдың «толық адам» іліміне тоқталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент мақаласында Абайдың «толық адам» іліміне тоқталған

09.01.2020

Қазақстан Президенті күрделі сауалдың шешімін Абайдан іздейді. Өйткені, Абай – барлық ұрпақпен құрдас әрі сырлас. Оның ойлы сөздері қазаққа ғана емес адамзатқа ортақ. Сондықтан 21-ші ғасырда да ақынның ақылына сүйенеміз. Тіпті, мұқтаж екеніміз даусыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында «Кез келген дүниеде теңгерімнің жоқтығын жазып, әлеуметтік жауапкершілік қайткенде орнына келеді?» деген сауалға жауап іздейді. Сөйтіп оның формуласын Абайдан табады.

«Ал толық адамға үш қасиет тән»,-дейді Ғарифолла Есім. Ол қасиеттерді де Абай айтты. «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек». Бұл құлаққа жаттанды болғанымен қолдана білгенге құнды да құнарлы тағылым.

Жалпы рухани кемелденген тұлға ұғымы жетінші ғасырда бастау алды. Ол кезде «жомарттар» деп келтірілсе, кейін әл-Фараби «парасатты адам» пәлсапасын ұсынды. Қожа-Ахмет Ясауидің де хал ілім бар. «Осылай бұлақ көзі аршыла-аршыла Абайға да жеткен»,-дейді Мекемтас Мырзахметұлы.

Абайтанушының жуық арада 400 беттен тұратын «Толық адам» ілімі жарық көрмек. «Ақынның ғұмырына өзінің өмірін арнаған ақсақал рухани тазаратын уақыт жетті»,-дейді. Ол үшін адамзаттың Абайын жата-жастана оқып, оқығанды іске асыру керек.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу