Өңірлерді аралап жүрген Мәжілісмендер алматылық белсенді жастармен кездесті. Басқосуда мегаполистегі оқу орындардың қазіргі жағдайы, білім беру сапасы, жатақхана жетіспеушілігі сынды өзекті мәселелер талқыланды. Жастар биыл волонтерлар жылында атқарылатын шаралар туралы ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Президенттің ауқымды бастамаларын іске асыруда жастар маңызды рөл атқарады. Сондықтан «Аймақтардағы бүгінгі буынның хал-ахуалымен танысып, ұсыныс-тілектерін тиісті орындарға жеткіземіз», - деді депутттар.
Нұрхан Нұрланұлы