Әлемнің автосүйер қауымы Бельгияға ағылып жатыр. Ел астанасы Брюссельде дәстүрлі автокөрме ашылды. Осымен 98-ші рет өткізіліп отырған автошоуға әйгілі концерндер соңғы үлгідегі темір тұлпарларын қойған. Жайдақ, жол талғамайтын, спорттық үлгіден бөлек, электрлі, гибридті көліктердің де түр-түрі жұрт назарына ұсынылды.
Нұрсұлу Қасым