Сонымен «Педагог мәртебесі» туралы заң қолданысқа енді.
Білім және ғылым министрлігі таратқан мына кестелерге қарасақ, өзгерістер бар. Мысалы, биыл жалақысы 25 процентке өседі. Педагогқа тіл тигізген тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Педагогты өз міндетіне жатпайтын жұмысқа тартқаны үшін ескерту беріледі, жыл ішінде қайталанса 20 АЕК -120 АЕК дейін айыппұл...
Ал жалпы, орта білім саласында қандай мәселелер қордаланып, «шиленген» проблемаларға айналды? Аса мән беретіннің бірі - педагог мамандығын таңдаушылардың бір бөлігінің (әлде көбінің) оқуға аса бір сүйіспеншілікпен түспейтіні болса керек. Грантқа оқудың мүмкіндігі, бітіргесін айлық алатын жұмыс... тағысын тағы – осындай «пайыммен» оқу. Мұны біздің меншікті тілшіміз Ержан Жақып жазған тәжірибелі ұстаз да растады.