Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы талқыланды

13.01.2020

Еуразия ұлттық университетінде президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын зерделеуге арналған шара өтті. Кеш барысында студенттер Шәкәрім, Әлихан Бөкейханов бейнесін сомдап, Абай әндері орындалды. Сондай-ақ, белгілі ғалымдар мақалаға қатысты «Мемлекет ісінің мүддесі», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» тақырыбында ой қозғады. Абайтанушылар жастарға кемеңгер ойшылдың өміріне қатысты ғибратты әңгімелер мен естеліктерді баяндап берді. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу