Ұлыбритания патшайымы Гарри ханзаданың шешіміне байланысты отбасылық кеңес өткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания патшайымы Гарри ханзаданың шешіміне байланысты отбасылық кеңес өткізбек

13.01.2020
Ұлыбритания патшайымы Гарри ханзаданың шешіміне байланысты отбасылық кеңес өткізбек

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Гарри ханзаданың шешіміне байланысты отбасылық кеңес өткізбек. Кеңесте немересі Гарри мен оның жұбайы Меган Марклдың отбасы мүшелерінің міндеттерінен бас тартуына қатысты шешім қабылданбақ.

Кездесуге Чарльз ханзада мен Кембридж герцогі Уильям да келеді.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Гарри ханзада мен Меган Маркл Instagram желісінде корольдік отбасы мүшелерінің міндеттерінен бас тартып, Букингем сарайынан қаржылық тәуелсіздік алғылары келетіні туралы айтқан болатын.

Ал өткен жылдың қараша айында Елизавета патшайымның ұлы Эндрю ханзада педофил Джеффри Эпштейнмен дос болғаны үшін корольдік отбасына берілетін уәкілеттіктен бас тартуға мәжбүр болды.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу