Шығыс Қазақстанда жол қызметі күшейтілген тәртіпке көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жол қызметі күшейтілген тәртіпке көшті

13.01.2020

Өңірде соңғы екі апта бойы ауа райы қырық құбылып, қатты боран соқты. Сол себепті бірнеше рет республикалық маңызы бар жолдарды жабуға немесе көлік қозғалысына шектеуге тура келген. «Алматы-Өскемен», «Омбы-Майқапшағай», «Семей-Қайнар» және «Өскемен-Шемонайха» бағыттарындағы жолдардың кей бөліктері жіті бақылауда. Өйткені, бұл жерлерді үнемі қар алып қалады. «Қазақавтожол» қызметінің жұмысшылары жылдам жолды аршып, көлік қозғалысының жандануына бар күштерін салып жатыр. Жолда қалған адамдардың барлығына көмек көрсетіп, оларды қар құрсауынан алып шықты. 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу