Астаналық ғалымдар Абай Құнанбайұлының мұрасын талқылады. Достық үйінде Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай «Абай –ақын, ойшыл, аудармашы» атты ғылыми-семинар өтті. Шараны қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақ агротехникалық университеті өткізді. Ғалымдар хакім атамыздың философиясы мен шығармаларындағы парасатты ойларды жан-жақты саралаған баяндама жасады. Ал оларды тыңдаған студент жастар ойшылдың шығармалары мен өмірлік философиясынан ой түйді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ