Қала тұрғындары қаладағы 10 көшенің атауын өзгерту бойынша көпшілік тыңдауға қатысып, дауыс берді.
Ол бойынша Ленин көшесі - Абай Құнанбаев, Приканальная - Сарыарқа, Кривогуза - Қасым Аманжолов көшесі, Защитная - Григорий Потанин, Зональная - Александр Затаевич, Олимпийская - Нарманбет Төлепов, Волочаевская - Камали Дүйсембеков, Кувская - Қазыбек Нұржанов, Нұржанов көшесі - Мерей, Қасым Аманжолов - Балқантау болып өзгеретін болды.
Тыңдаудың нәтижесі алдағы уақытта қалалық мәслихаттың сессиясында қаралып, бұдан соң республикалық ономастикалық комиссияның қарауына беріледі.
Көше атауларын ауыстыруға жұмсалатын шығынды жергілікті кәсіпкер Ерлан Әшім өз мойнына алатынын мәлімдеді.
Фото: varandej.livejournal.com