Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Гарри ханзаданың шешімініе қолдау білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Гарри ханзаданың шешімініе қолдау білдірді

14.01.2020

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Гарри ханзада мен оның жұбайы Меганның тәуелсіз өмір сүру туралы шешіміне қолдау білдірді. Бұл туралы дүйсенбі күні Сандрингем сарайында өткен ақсүйек отбасының кеңесінде белгілі болды. Осыған дейін Сассекс герцогі мен герцогинясы корольдік отбасы мүшелерінің міндеттерінен бас тартатынын жариялаған еді. 

Күтпеген жаңалықты өкінішпен қабылдаған монарх енді бірқатар күрделі мәселені шешу қажеттігін айтты. Ал, оларды егжей-тегжейлі талқылау үшін әлі біраз уақыт керек. Сондықтан, патшайым немересі мен оның жұбайынан алдағы күндері соңғы шешім қабылдауын сұраған.

Айта кетсек, Гарри мен Меган өздеріне бөлінетін бюджеттік қаражаттан бас тартып, Ұлыбританиямен қатар, Канадада дербес өмір сүруді көздеп отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу