Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

14.01.2020
Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы қызметінен босытылды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында Атырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді», - делінген әкімдік хабарламасында. 

Айта кетсек, Алимұхаммед Құттұмұратұлы Атырау қаласының әкімі лауызымын 2018 жылдың 28 маусым айынан бастап атқарып келді. Қала әкімі өз еркімен қызметін тоқтатуына байланысты Атырау қаласы әкімінің міндетін уақытша қала әкімінің орынбасары Ринат Жанғылышов атқаратын болады.


Хабарламаларға жазылу