БҚО-да белгісіз біреулер кәсіпкерді отбасымен бірге өлтіріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да белгісіз біреулер кәсіпкерді отбасымен бірге өлтіріп кетті

15.01.2020
БҚО-да белгісіз біреулер кәсіпкерді отбасымен бірге өлтіріп кетті

Қайғылы оқиға 14 қаңтарда Бәйтерек ауданындағы Янайкино ауылында болды. 

Кешкі сағат 22:00 шамында оның үйінен өрт шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ол үйден пышақ жарақаты бар үш адамның мәйітін тапты.

Қайтыс болғандардың 66 жастағы Александр Запрометов, оның жұбайы мен ұлы екені анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Александр Запрометов бұрын Янайкино совхозының директоры болған. Совхоз тарағаннан кейін мал шаруашылығымен және жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

uralskweek.kz

Хабарламаларға жазылу