Ұлттық арна тілшілері көтерген тағы бір мәселе шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна тілшілері көтерген тағы бір мәселе шешімін тапты

15.01.2020

Ұлттық арна тілшілері көтерген тағы бір мәселе шешімін тапты. Өткен эфирлеріміздің бірінде Семейде ғасырдан астам тарихы бар сәулет ескерткіші қараусыз жатқандығын айтқан болатынбыз. Қаланың қақ ортасында орналасқан ғимарат «Мемлекеттің қорғауында» деген мәртебеге ие болғанымен, тозып құлаудың аз-ақ алдында тұр. Нысан Семей құрылысындағы ең таңдаулы үлгілердің бірі саналады. Онда кезінде еліміздегі тұңғыш байланыс үйі жұмыс істеген. Ашық-шашық қалып әбден ескірген тарихи ғимарат жайлы біздің арнаның түсіру тобы ауқымды материал дайындаған болатын. Қала билігі енді бұл сәулет туындысын жаз шыға жөндеу туралы шешім шығарды.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу