Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына қарасты Тассай ауылдық округінің өнерпаздары Нұр-Сұлтанға арнайы келіп, концерт өткізді. Жастар театрына жиналған жұрт түрлі жыр-терме мен әуезді әндерді тыңдап, сахналанған қойылымдарды тамашалады. Әрі аудан ақындарының өлеңдеріне жазылған әндерді де көрермен қауым сүйсіне тыңдады. Айта кетерлігі ауыл әнін Арқа төсіне алып келгендердің дені қарапайым тұрғындар.
Досжан МАРАТҰЛЫ