Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін жобалар жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін жобалар жүзеге асырылуда

16.01.2020

Мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің маңызы ерекше. Жан-жақты, адамгершілі мол, рухани бай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында қазір балабақшаларда түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бүлдіршіндердің логикалық әрі сыни ойлау қабілетін арттыру үшін тың жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі — бағыты-балалардың зияткерлік қабілетін дамыту. Нұр-Сұлтанда екі жыл бұрын кластерлік жоба қолға алынған болатын. Соның нәтижелері бүгін №65 «Балбала» бақшасында өткен республикалық семинарда талқыланды. Түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізілді, көрме ұйымдастырылды.   

Ақерке БЕРІКБЕК



Хабарламаларға жазылу