Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.01.2020

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған лауазымдық қызметін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілген. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай бұдан өзге ешқандай ақпарат таратпаймыз дейді құзырлы орган. 

Айта кетейік, Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі болып 2016 жылы тағайындалған. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ



Хабарламаларға жазылу