Абай туралы көркем фильм түсіруге асықпаған жөн. Белгілі ғалым, академик Ғарифолла Есім ұлы ақынға арналған туындыға өте мұқият болуға шақырды. Апыл-ғұпыл, шала дүние емес, асықпай сапалы өнім жасау керек деген ұсыныс айтты. Жалпы, Абай мерейтойын атап өтуге мемлекеттен 3 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық жоспарланған қаржысы есебінен игерілмек. Торқалы тойды тағылымды өткізу үшін «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы жөнделеді және ақын есімімен байланысты тарихи-мәдени нысандарға ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Опера және балет театры шетелдерге шығып, өнер көрсетпек. Ұлы ақынның мерейтойы Елордада 21 қаңтар күні ресми түрде ашылмақ.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ