Қытайда қауіпті вирустан тағы бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда қауіпті вирустан тағы бір адам көз жұмды

17.01.2020
Қытайда қауіпті вирустан тағы бір адам көз жұмды

«Қытайдың Ухань қаласында тіркелген коронавирустан 69 жастағы ер адам көз жұмды», деп хабарлайды Ria.

«2020 жылдың 15 қаңтарындағы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрі 41 адамнан табылды. Олардың бесеуі ауыр халде жатса, екеуі көз жұмды. Он екісі ауруханадан емделіп шықты», - делінген Ухань қалалық денсаулық сақтау органының хабарламасында. Науқастар 763 адаммен байланыста болған. Қазіргі уақытта 119 адам дәрігерлердің бақылауында.

Вирустың бұл түрінен 11 қаңтарда 1 адам қайтыс болған.

Бұдан бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөлім басшысы Мария Ван Керкхове Ухань қаласында тіркелген коронавирустың ауа арқылы жұғуы мүмкін екенін айтқан. 

ria.ru




Хабарламаларға жазылу