Ақтауда заңсыз салынып жатқан 10 тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда заңсыз салынып жатқан 10 тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды

17.01.2020

Ақтауда заңсыз салынып жатқан 10 тұрғын үйдің құрылысы тоқтады. 40 тан астам құрылыс компаниясына 45 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. КСМ: Қазір облыс орталығында 67 тұрғын үй салынып жатыр. Барлығы да жеке меншік жерде орналасқан. Алайда, 20 ға жуығы құрылысты бастауға рұқсат құжаттарын рәсімдемеген. Тағы бір нысан әкімшілік ғимарат салынуы тиіс жерде заңсыз бой көтергені анықталды. Құзырлы органдар оның да құрылысын тоқтатты. Тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан компанияларға үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат жоқ. Сол себепті мамандар нақты ақпаратты әкімдіктен алуға кеңес берді.  

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ



Хабарламаларға жазылу