Қытай экономикасы 2019 жылы 6,1 пайызға ғана дамыған. Бұл – соңғы отыз жылға жуық уақыттағы ең төменгі өсім көрсеткіші.
Сарапшылардың болжамынша, өндіріс қарқынының баялауына ішкі сұраныстың әлсіздігі мен АҚШ-пен арадағы сауда соғысының кері әсері себепші.
Айта кетсек, Қытай соңғы екі жылда өсімді ынталандыру шараларын жүзеге асырды. Және сол іс әрі қарай жалғасады деген болжам бар.
Сәрсенбі күні Вашингтон мен Бейжің сауда келісімінің «бірінші фазасына» қол қойды. Бірақ тараптар әлі де жүздеген миллиард доллардың тауарларына жарияланған тарифті алып тастамай отыр.
Арыстан РЫСБЕК