Қызылордада жақсылық жасауға жаны құмар жандарды бір арнаға тоғыстыратын волонтерлар штабы құрылды. Оның құрамында қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен студенттер бар. Жұдырықтай жұмылған сырбойылық волонтерлар биыл 11 бағыт бойынша қайырымды істерді қолға алмақ. Ең бірінші кезекте, тұрмысы төмен отбасыларға, жалғыз басты қарияларға көптеп көмек көрсетілмек. Сондай-ақ мүгедек жандарға қамқорлық, мәдени-тарихи ескерткіштерді жаңғырту, мектеп бітіруші түлектерге тегін оқу курстарын ұйымдастыру секілді тың жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.
Ә.СЕРІКҰЛЫ