5 мемлекет Ираннан өтемақы талап етіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 мемлекет Ираннан өтемақы талап етіп отыр

17.01.2020

Апатқа ұшыраған украиналық ұшаққа қатысты 5 мемлекет Ираннан өтемақы талап етіп отыр. Канада, Украина, Швеция, Ауғанстан және Ұлыбритания опат болған азаматтарының жақындарына көрсетілетін көмекті Тегеран толықтай мойнына алуы тиіс екенін айтады. Мұны аталған елдердің сыртқы істер министрлері Лондонда өткен кездесуде хабарлады. Апат құрбандарын үнсіздікпен еске алған саясаткерлердің айтуынша, Иран «егжей-тегжейлі, тәуелсіз әрі ашық тергеу» жүргізіп, оқиғаға кінәлілердің барлығын жазаға тартуы қажет.

Айта кетсек, қаңтардың 11-де Иран украиналық Boeing 737 ұшағын атып түсіріп, борттағы 176 адамның барлығы мерт болды. Кейін, Тегеран лайнерге зымырандардың қателікпен жіберілгенін айтып, кінәсін мойындаған еді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу