«Жасыл бастамалар және Қазақстандағы капитал нарығының жәй күйі Лондонда өткен арнайы бизнес нетворкинг сессиясында талқыланды. «Қазақстан - жасыл экономика және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша Орта Азиядағы көшбасшы мемлекет, сондықтан инвесторлардың қызығушылығы басым»,- дейді сарапшылар. Айта кету керек, елімізде бір гигаваттан астам жаңартылатын энергия көздері бар. Бұл шаруа Қазақстанның Париж келісімі аясында қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес орындалуда. Жоспар бойынша жаңартылған энергия көздерін 2020 жылы 3 пайызға, ал 2030 жылға қарай 10 пайызға жеткізу көзделген.
Индира БЕКТЕНОВА