Қазақстан жазушылар одағының елордалық филиалы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Абай мерейтойына қатысты бірқатар шараларды бірлесе атқармақ. Осы мақсатта тараптар 8 баптан тұратын өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қазіргі кезде Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан жазушылар одағының 27 мүшесі жұмыс жасайды екен. Олар Қазақстан жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалына арнайы келіп, өздерінің кітаптарын сыйлады. Елордада өткен жылдың аяғында ашылған «Жазушылар үйі» енді қала ұстаған қауымның құтты мекеніне айналмақ.