19 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:27-де қалада жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы хабарлады.
Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 370 километрде, Қытай территориясында орналасқан. Энергетикалық класы – 14,1, ал магнитудасы – 6.0.
Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласымен 3-4 балл болып сезілген.
Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.