Павлодардың іргесіндегі шағын қала Ақсуға тапа-тал түсте қасқыр кірді. Емін-еркін көпқабатты үйдің жанында жүрген түз тағысын көрген адамдар алғашында қаша жөнелген. Бірақ жыртқыш аң ешкімді шабуылдамаған. Керісінше, айналадағы шудан да, ағылған көліктерден де ықпай, өз бетінше жүре берген. Яғни, бір қарағанда асыранды қасқырға ұқсайды. Ал, тұрғындардың шақыртуы бойынша келген өкілетті мекеме мамандары түз тағысын бірден атып салды.
Болат АМАНБАЕВ