Қостанайлық өнертапқыш үйде қорапқа салып құрт өсіруге кеңес береді. Ол осылайша тамақ қалдықтарын қайта өңдеудің табиғи тың тәсілін ұсынып отыр. Қиқымды қоқысқа тастамай, құртқа қорек ретінде беру экологиялық ахуалды оңалтуға сөзсіз септігін тигізеді. Осындай ойға бекіген жаңашыл жас өз жобасының болашақта зор сұранысқа ие боларына сенімді.
Дәуренбек Әбдібек