Қытайлық инвестор отандық автоөндіріс алпауыттарының бірі «AllurGroup»-тың бақылаушы пакет акциясын сатып алады. Тиісті келісімге Қазақстан мен Қытай тарапы бүгін қол қойды. Оған бірінші вице-премьер Асқар Мәмин де қатысты. «Allur Group» құрамына «Сарыарқа Автопром» мен «Агромашхолдинг» өндіріс орындары мен «Аllur auto» сауда салондары желісі кіреді. Компаниялар тобында 1500-ге жуық адам жұмыс істейді. Қаржылық қиындықтарға ұшыраған отандық компания бұл әріптестік арқылы дамудың жаңа деңгейіне шығып, тың технологияларды енгізбек.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ