Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден озды

21.01.2020

Камал Бұрханов 1954 жылы дүниеге келген. Ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті заң факультетінің деканы, Президент Әкімшілігінің бас сарапшысы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды. 

IV және V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 40-тан астам ғылыми жұмыстың, кітаптардың, мақалалар мен оқу құралдарының авторы.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу