Қазақстанда құрастырылған көлік мініңіз. Бұл мақсатты іске асыру үшін арнайы бағдарлама бар. Қарапайым тұрғындардың су жаңа темір тұлпарды тиімді шартпен алуына болады. Жоба бір жағынан отандық автоөндірушілерді қолдау үшін жүзеге асқан. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең. Мұндай жеңілдік кімдерге жасалады? Тілшіміз Жазира Досмағанбет «Керек дерек» айдарында түсіндіреді.