Алматы перзентханасында сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы перзентханасында сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды

22.01.2020
Алматы перзентханасында сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды

Алматы перзентханасында туғанына он күн болған шақалақ шетінеп кетті.

Қайғылы оқиға Алматы қаласындағы Түрксіб ауданында болған. 9 қаңтар күні дүниеге келген ұл бала небәрі он күн өмір сүрді. Шақалақ 19 қаңтар күні шетінеп кетті. Туыстарының айтуынша, бала перезентханада салынған В гепатитіне қарсы екпеден көз жұмған. 

Алайда қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сәбидің вакцинациядан көз жұмғанын растамайды. «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен бірге арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына жоғары медициналық мекемелердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар бар. Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша өлімнің себептері мен жағдайлары нақтыланатын болады. Басқарма нәрсетенің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады, бұл факт қала басшылығының бақылауында. Тексерудің қорытындысы құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі», - деді Қалалық денсаулық сақтау басқармасы. 

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу