Тель-Авивтегі дзюдо бәсекесін «QAZSPORT» тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тель-Авивтегі дзюдо бәсекесін «QAZSPORT» тікелей эфирде көрсетеді

22.01.2020
Тель-Авивтегі дзюдо бәсекесін «QAZSPORT» тікелей эфирде көрсетеді

23-25 қаңтар күндері Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтеді. Әлемдік доданы «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық Гран-При жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан беріледі.

Жылдың алғашқы жарысына әлемнің 88 елінен келген 600-ден астам дзюдошысы қатысады. Байрақты бәсекеде ел намысын 20 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Серік Ақылбек (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Руслан Мұсаев (-81 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

Әйелдер:

Ақмарал Науатбек (-48 кг)

Анна Казюлина (-52 кг)

Севара Нишанбаева (+57 кг)

Мөлдір Нарынова (-70 кг)

Зере Бектасқызы (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)

Отандастарымызға «QAZSPORT» телеарнасымен бірге жанкүйер болайық! Әлемдік доданы телеарнамен қатар, qazsporttv.kz cайты мен QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасынан онлайн тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу