![Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/1/22/1579675757097.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/121754/)