Былтыр елдегі жекеменшік ақша айырбастау пунктерінде 500 заң бұзу фактісі тіркелген. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері айтты.
Тек өткен жылдың екінші жартысында 178 валюта айырбастау орны тексеріліп, 140-тан астам заң бұзу дерегі анықталған. Олардың 80 пайызы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңды елемеген. Ал кейбіреулері клиенттердің мәліметтерін керек қылмаса, өзгелерінде күзет қарастырылмаған. Тіпті жарғылық капиталды басқа мақсатқа жұмсағандар да бар. Енді кәсіби талаптарға салғырт қараған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді. Сондықтан 1 ақпаннан бастап ақша айырбастау пунктерінің жұмысына қатысты енетін өзгерістер осындай кемшіліктерді түзеу үшін жасалып отырғандығын мамандар айтты.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ